"1000 қоғамдық көлік жетпейді": Алматы тұрғындары автобустардың үнемі лық толы болуына шамданды
Желіде Алматыдағы тұрғындардың аялдамалардағы және қоғамдық көліктерге сыймай жатқан бейнежазбалары мен суреттері тарап кетті. Алматылықтар автобустардың барлық кезде лық толы болғанына шамданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Алматы тұрғындары кез келген уақытта, әсіресе, қарбалас кезеңдерде қоғамдық көлікпен жүру мүмкін емес екенін айтып шамдануда. 1 қыркүйектен бері қоғамдық көлікпен жүретіндер саны лезде артып, халықтың күрт өскені байқалады.
Фото: Stan.kz
Stan.kz тілшісі әкімдіктен бұл мәселе аясында қандай шаралар қабылданғанын сұрап білді.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда қалада жолаушылар көлігі саласында 24 тасымалдаушы жұмыс істейді. Олардың бірі – "Алматыэлектротранс" ЖШС коммуналдық автобус паркі, ал қалғандары – жеке тасымалдаушылар.
Фото: Stan.kz
Маршруттық желі 165 маршруттан тұрады.
Желіде барлығы 2431 жылжымалы бірлік бар, оның ішінде 2247-сі автобус, 184-і троллейбус.
Желідегі бейнежазбалардан скриншот
“Күн сайын 2165 қоғамдық көлік шығады. Олардың орташа жиілігі – 90-95%.
Осыған қарамастан қоғамдық көліктің жетіспеушілігі шамамен – 1000 бірлік. Сол үшін 1430 көлік сатып алу жоспарлануда. Мемлекеттік бюджет есебінен 100 газдағы автобус сатып алынды, енді тағы 500 автобус және 100 троллейбус алынады. Жеке тасымалдаушылар есебінен 730 автобус сатып алынуы тиіс, оның ішінде 270 көлік сатып алынды”, – деп мәлімдеді әкімдік.
Желідегі бейнежазбалардан скриншот
Ал 4 қыркүйектен бастап жұмыс күндері 10/6 (тиісінше 6:12/10:20 интервал) бағытымен электр пойыздарының қозғалыс кестесі қолданысқа енгізілді.
“Жолаушылар ағыны жұмыс күндері шамамен 100 мың, ал демалыс күндері 40-50 мың адам. Жолаушылар ағынына қатысты мониторинг жүргізілуде, адамдардың саны толып кеткен жағдайда электр пойыздары желіге қосымша шығарылады. Жолаушылардың ұлғаюы таңғы сағат 8:00-ден 9:00-ге дейін Момышұлы станциясында байқалады”, – деп мәлімдеді “Метрополитен” КМК.
Фото: Stan.kz
Сонымен қатар Алматы қаласының мәслихаты бекіткен қаланы 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасында 2030 жылға дейін жолаушылар тасымалын дамытуға бағытталған бірнеше іс-шаралар көзделген.
- Райымбек даңғылы бойындағы жүрдек автобус тасымалы, BRT құрылысы;
- "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегін салу;
- Жеңіл рельсті трамвайдың бірінші желісін салу;
- қазіргі BRT желісін "Шығыс қақпасы" полиорталығына дейін ұзарту;
- қаланың жаңа аудандары үшін 500 қоғамдық көлік аялдамасын салу;
- 30 жаңа қала маңындағы маршруттарды іске қосу;
- 4 көлікке ауысып отыру хабын салу;
- "Батыс" хабының құрылысы (Барлық базары);
- "Райымбек батыр" хабының құрылысы (Алматы-2);
- "Алматы-3" хабын салу үшін құжаттарды әзірлеу;
- "Шығыс қақпасы" хабының құрылысы (Құлжа күре жолы);