Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 мың теңге төледік": Астаналықтар коммуналдық қызметтерге көп ақша жұмсағандарын айтып шағымданды

Нұр-Сұлтан тұрғындары осы айда қоқыс шығару үшін төлем сомасы көбейгенін айтты. Бұл ретте тариф өзгермеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының бірі коттедж сатып алған. Ал коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртекті алған кезде оның үйінде 24 адам тіркелгенін білген.

"Біз білдік, бұл шын болып шықты. Содан кейін олар біздің үстімізден сот ісін бастады, біз 97 мың теңге төлеуге мәжбүр болдық", - деді астана тұрғыны.

Қоқыс шығарумен айналысатын елордалық компания қазір тіркелген адамдардың саны бойынша есептеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал өткен айдағы ірі шоттарды қыркүйек айында әкімдіктің жеке тұлғалардың деректер базасын бергенімен түсіндірді.

Осылайша, кейбір елордалықтар пәтерлерінде бейтаныс адамдар тіркелгенін анықтады. 10, тіпті 20 бөтен адам тіркелген жағдайлар бар.

"Бастапқыда келісім-шартқа отырған кезде бізде екі адам болған. Осы айда бес адамға түбіртек берілді", - дейді қала тұрғыны Назым Садықова.

Қоқыс шығару үшін бір адамға тариф 400 теңгеден асады.

Егер тіркелген тұрғындар бұрынғы иелерінен қалса немесе олар үй иелерінің келісімінсіз тіркелген болса, бөтен адамдарды шығарып,  қоқыс шығаратын компаниямен келісімшартты жаңарту қажет.

Талқылау