"100 мың бөтен адам көреді": Айсәуле Бақытбек үш қызының фотосын желіге не үшін салмайтынын түсіндірді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал блогер Айсәуле Бақытбек отбасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы не себепті күйеуінің фотосын көрсетпейтінін айтты.
Көпшілік Айсәуленің парақшасында күйеуі мен балаларының суреттері жоқ екенін байқап, отбасында қандай мәселе болғанын сұрады. Алайда блогер бұл қауесеттерді жоққа шығарды.
"Бұл сұрақты екінші рет қатарынан қойып жатыр. Әрине, бұл – жаңа оқырман шығар. Ал бұрыннан мені білетіндер күйеуімнің стористе көрінбеуі қалыпты жағдай екенін біледі. Мен жай ғана отбасымды көрсетпеймін. Құдайға шүкір, бәрі жақсы", – деді Айсәуле.
Одан кейін блогер балаларының суреттерін не себепті жарияламайтынын да түсіндірді.
"Егер олар өскенде мұны қаламаса ше?! 100 мың бөтен адам көреді. Олардың түрін, қалауын, жеңіс пен жеңілісін біліп қояды ғой. Шынымды айтсам, ересек адамдардың бөтен балаларды көруге құмарлығы біртүрлі көрінеді. Балаларымның қайда оқитынын, қандай үйірмеге баратынын миллион адам білгенін қаламаймын. Олар – бала. Әлеуметтік желінің өзі бізді, ересектерді, шаршатады, ал балаларға мүлде орын жоқ деп ойлаймын", – деді ол.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
