Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 қап шприц пен қанға боялған шүберектер": Павлодарда тұрғындар қала маңынан қауіпті медициналық қалдықтарды тапты

Павлодарда тұрғындар жүз қап қауіпті медициналық қалдықтарды тапты

Фото: pixabay.com

Павлодарда тұрғындар қала шетіндегі өндірістік аймақтан шприцтер, қанға боялған шүберектер мен пайдаланылған қауіпті медициналық қалдықтар салынған жүзге жуық қапты тапты. Тұрғындар қауіпті қалдықтардың жойылмағанына алаңдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына экология департаментінің мамандары мен учаскелік полицейлер барды. Тексеру кезінде бұл жерде бір компания медициналық қалдықтарды сақтап, өртеп жүргені анықталды. Компания өкілдері барлық құжаттарын, соның ішінде экологиялық рұқсат пен қауіпті қалдықтарды жоюға арналған лицензиясын көрсеткен.

Экология департаменті енді экологтар, дәрігерлер және санитарлық дәрігерлер бұл жерге кез келген уақытта тексеріспен келе алатынын ескертті. Сонымен қатар СЭС қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу талаптарының сақталуын тексереді. Нәтижесінде заң бойынша шаралар қабылданады.



"23 қыркүйекте болған тексеру нәтижесінде барлық материал экология департаментіне жолданады. Бұл – "BB-Group KZ" компаниясына жоспардан тыс тексеріс жүргізуге негіз болады", – деді мемлекеттік эколог Руслан Темірболатов.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 10:26
Талқылау