Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100-ге жуық жылқы міндім": Мақпал Жүнісова есінде қалған ерекше сыйлықтарын айтты

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнада жүрген жылдарында ерекше сыйлықтарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі 21 жасындағы фотосын көпшілікке көрсетті. 

“Семей өңіріне қарасты Шұбартауға шопандар тойына барған кезіміз. Марқұм Жәнібек Кәрменов те болыпты. Халық әртісі Қайрат Байбосынов тұр. Мен ол кезде 21 жастағы әншімін. Суреттер сыр шертеді деген осы. Шұбартауда маған жылқы мінгізген еді. 100 жылқыға дейін санағанмын. Артынан ұмытылып кетті. Берген адамдардың өздері ұмытады. Менің аттарды күтетін жерім де, фазендам да жоқ. 40 шақтысы соғымға келді. Туғандарыма таратып берген кезім де болды”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары осыдан 40 жыл болған оқиғаны естеріне алып, жарыса жазып жатыр. 

“Осы фото біздің үйде болған”, “Қандай естелік фото”, “Суреттегілердің біразы марқұм болып кетті”, “Мақпал әпкемнің артында тұрған менің әкем”, “Сол замандағы шаш үлгісі, көйлек бәрі жарасымды”, “1986 жылы Шұбартауда болған той”, “Осы кезде Мақпал ханым мен Жәнібек Кәрменовтің алтыбақан тепкен видеосы бар”, – деп жазды көпшілік.  

Еске салайық, Мақпал Жүнісова Абайдың мерейтойында әкімнің анасын кіргізбей қойған ұйымдастырушыларға ренжіп қалғанын жазған едік.   

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 12:17
Талқылау