Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жылға түрмеге қамалған "Ирандық Анджелина Джоли" бостандыққа шықты

Он жылға түрмеде отырған "Иран Анжелина Джолиі" атанған интернет-жұлдызы - Фатима Хишванд бостандыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

анджелина

Қыз айыптау үкімі шығарылған соттан бірнеше күн өткен соң түрмеден шықты. Ирандық журналист Масих Алинеджад оның босатылуын қоғамдық наразылықпен байланыстырды.

Фатима Хишванд Rokna мемлекеттік телеарнасына сұхбат берген. "Парақша ашу былай тұрсын, мен қазір телефоныма Instagram-ды  жүктемейтініме сенімдімін", - деді ол.

Хишванд көпшілікке Сахар Табар деген лақап атпен танымал, дегенмен Анжелина Джоли мен зомбиге ұқсайтын фотосуреттерді жариялағаннан кейін танымалдылығы арта түсті. Кейінірек қыз бұл бейнені макияж және Photoshop көмегімен жасағанын мойындады және өзінің шынайы жүзін көрсетті.

Хишвандға қорлау, заңсыз ақша табу және басқа да қылмыстық әрекеттер үшін айып тағылды. 2020 жылдың сәуірінде қыздың COVID-19 ауруы белгілі болды. Желтоқсан айында Хишванд он жылға бас бостандығынан айырылды. Барлығы ол темір тордың артында 14 ай өткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр