10 жылға сотталған Күдебаевқа қатысты аппеляциялық сот кейінге қалдырылды
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, 10 жылға бас бостандығынан айырылған Серік Күдебаевқа қатысты аппелияциялық сот 1 шілдеге ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бүгін 29 шілдеде Алматы облыстық полициясының бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот өтуі тиіс еді. Алайда ол 1 шілде сенбіге оның адвокатының болмауына байланысты кейінге қалдырылды", - делінген Жетісу облысы сотының ақпаратында.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Күдебаев сотқа аппеляциялық шағым түсірген еді. Ақпарат расталып, іс 29 маусым сағат 15:00-де қаралуы тиіс болатын.
Еске салайық, Алматы және Алматы облысы полиция департаменттерінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Үкім Талдықорған қаласында оқылды.
Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған генерал туралы бұған дейін бірнеше материал жазылды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"