"10 жыл өте шықты": Сәкен Майғазиев марқұм Батырхан Шүкеновті есіне алды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Сәкен Майғазиев марқұм Батырхан Шүкеновті есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі 2015 жылдың 28 сәуірінде бақилық болған еді.
“Бүгін Батырхан ағамыздың бақилық болғанына тура 10 жыл болыпты. Алла тағала мейіріміне бөлесін. Фирдаус жәннатын нәсіп етсін”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасының арманын айтқан еді.
“2006 жылы ма екен, 25 қазанда тойға шақырды. Қазақ қызға үйленді. Бәріміз қатты қуандық. "Батырханды қайтыс боларының алдында 1-2 ай бұрын көрдім. "Қазмедиада" едім, Rixos-қа шай ішуге шақырды. Қасында ұйымдастырушы әйел болды. Неге шақырғанын сұрасам, "Жай сөйлесейін дегенмін, бөпелерің қалай" деді. Содан "Үйге жүріңіз, шай ішіңіз" деп едім, "Жоқ, мен 1 күнге келдім, бәрі жақсы" деп көп ашыла қойған жоқ. Әрине, өкінішке қарай, Батырдың артынан қалған жалғыз ұрпағы Мақсұтты көп көрмейміз, ол туралы көп ести де бермейміз. Кейде қазақтың сондай мықты жігіттерінен ұрпақ көп қалғаны дұрыс па еді" – деп ойын бөліскен еді медиа маманы.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
