10 жыл көңілдес болған қазақ әйел өзін енесі үйден қуып шыққанын айтты
Айдын Исманова 4 жылдан бері азаматтық некеден туған баласын әкесіне мойындата алмай жүр. Айтуынша, оның адалдығына күмәнданып келген азаматы қызғаныштан қол көтеруге дейін барған. Ақыры соңында алимент төлеуден жалтарып, баласы мен жұбайын далада қалдырыпты.
Бұл туралы Астарлы ақиқатта айтылды.
Айдын Исманованы он жыл отасқан күйеуі жеңіл жүріске салындың деп айыптауда. Тіпті өзінен туған перзентін мойындаудан бас тартып, көшеге қаңғыртып жіберіпті. Жазықсыз жала жабылды деп зар илеген келіншек көмек сұрады. Енді бес жастағы Меруерттің әкесі кім деген сауалға ДНК сараптамасы анықтайды.
"Мен бұрын тұрмыс құрғанмын. Үш балам бар еді. Ұлым мен қызым әкесінде қалды. Бір қызым өзіммен еді. Кафеде ыдыс жуатынмын. Күйеуім аспаз болды. Сол жерде таныстық. Менің соңымнан қалмай қойды. Үш балам бар, саған тең емеспін десем де соңымнан қалмады. Солай үйіне апарды. Бастапқыда бәрі жақсы еді. Кейін анасы қарсы бола бастады. Ұлын менен қызғанды. Мен бала туып, үйімізді тартып алады деп қорықты. Күнделікті айқай-шу шықты. Мен қыз баланы өмірге әкелді. Оны менің қызым емес деп мойындамады. Ақыры қызым екеуміз далада қалдық", - деді Айдын Иманова.
Айдын Исманова бірінші күйеуінен оңбай таяқ жеген соң екі баласын тастап, өзі кеткен.
"Бұрынғы енем балам сені бір күні өлтіріп қояды. Сондықтан кетіп қалды" деді. Екі баламды ала алмадым. Себебі жас болдым. Балаларды қайда апарарымды, қалай асырайтынымды білмедім. Ол күйеуімен заңды түрде әлі ажыраспадым. Себебі құжаттарымды реттеп барғанда, жолдасың бірге келсін деді. Мен оны апара алмаймын. Кейін тұрғылықты жер бойынша арыз жаз деді. Сол іс аяқсыз қалды. Мен бірінші күйеуіммен әлі некеде тұрмын. Екінші күйеуіммен азаматтық некедемін", - деді Айдын.
Ал енесі Ұлтуар Жұмабекова Айдынды келінім емес, "квартирант" деп қана қабылдапты.
"Мен оны келінім деп басына орамал салған жоқпын. Келінім деп қабылдаған емеспін. Себебі квартирант секілді тегін тұрды. Ұлым оны әкелейік дегенде қарсы болдым. Ертең жүкті болып жүрмесін дедім. Квартирант секілді тұрсын дедім", - деді енесі.
Айтуынша, Айдын Исманова бір күн мас болып келіп енесінің саусағын жырып жіберген. Бір саусағынан айырылған енесі Айдынға осыдан соң өшіге бастағанын айтады.
"Олай болған жоқ. Бұл жазатайым болған. Сауағын жырып алып кейін әдейі кестіріп, мені соттамақ болды. Маған жала жаппақ болды", - деді Айдын.
Айдынның үлкен ұлы Қанат әкесі мен анасын қосып, екі ай бірге тұрғызғанын айтты.
"Мен анамды 15 жыл көрмедім. Әжемнің қолында өстім. Әжем көзі тірісінде анаң мен әкеңді жарастыр деп кетті. Әжем қайтыс болған соң анамды іздедім. Әкем екеуін сөйлестірдім. Екеуі екі ай бірге тұрды. Кейін көңілі жараспады. Қайта екі жаққа кетті", - деді ұлы.
Осыдан соң Айдын мен қазіргі жолдасы Сейітқалидің арасы бұзылған. Арада қызғаныш болды. Әкесі өз қызын мойындағысы келмеді. Басқа жаққа кетіп, келген соң жүкті болды деп күмәнданды. Алайда ДНҚ сараптамасы Айдынның қызы Меруерттің әкесі бірінші жолдасы емес, азаматтық некедегі күйеуі Сейітқали екенін анықтады.
"Мені үнемі қарабет қылды. Қызымды мойындамады. Соны дәлелдегім келді. Қызым ауруханада жатыр. Көмектессін, алимент төлесін. Қайта қосылмасақ та, қызына қарайлассын деп көмек күтіп келдім", - деді Айдын Исманова.