"10 жыл бойы сөйлеспей жүрді": Жахан Отарғалиев әкесі туралы айтты
Фото: https://www.instagram.com/zhahan_utargaliyev
Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында өзімен 10 бойы сөйлеспеген әкесінің батасын қалай алғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жахан Отарғалиев 2007 жылы әкесін қатты ренжітіп алғанын, салдарынан екеуі 10 жыл бойы сөйлеспей жүргенін жазды.
“2007 жылы әкем маған ренжіп, 10 жыл бойы сөйлеспей жүрді. Сол жылы КВН ойнағаным үшін оқудан шығарып жіберді. Содан бәрін тастап, арман қуып Алматыға келдім. 2008 жылы КТК телеарнасындағы екі шоуға резидент болдым. 2010 жылы ауылға қайтып, ата-анама көмектестім. 2011 жылы өнерге қайта оралып, төрт жыл бойы “Базар жоқ” театрының авторы, сценаристі болып жұмыс істеймін. 2012 жылы той саласына кіріп, 2015 жылы толық осы салаға көшемін. Той басқарып жүріп, ата-анама Оралдан үй салып беремін. Сөйтіп 10 жыл бойы сөйлеспеген әкемнің батасын алдым. Әкем менімен сөйлегенінінің себебі, өз еркіммен азамат болып өскенімді қалады. Қазір әкем маған қарыз”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, биыл жыл басында үшінші рет үйленді. Ол Астанадағы Бас мешітте некесін қиғаны туралы видео жариялаған болатын.
Кейінірек Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берген еді.