10 жастағы қазақстандық төрт таңбалы сандарды миында көбейте алады
10 жастағы қазақстандық ресейлік шоу көрермендерін ерекше қабілетімен таң қалдырды. Төрт таңбалы сандарды еркін қосып, көбейтіп, үш таңбалы сандардың түбірін анықтай алатын Ілияс Тохтархановқа жұрт “калькулятор бала” деген ат қойды.
Ілияс небәрі бірнеше секундтың ішінде үш таңбалы сандарды еркін қосып, көбейте алады. Ол түбір астындағы 67-ден түбір астындағы 28-ді 8 секунд ішінде азайтқан.
“Ілияс мектепте оқиды. Өзге пәндерді де жетік меңгерген. Логикалық тапсырмаларды да оңай шеше алады. Қатарластарынан озып келе жатыр десек те болады”, – дейді Ілиястың ұстазы Гүлжазира Байжұманова.
Ілиястың есепке деген қабілеттілігін ата-анасы оның 6 жасында байқаған. Осыдан кейін ата-анасы балаларын қосымша сабаққа қатыстырған. Ілияс көбейту кестесін 1-сыныпта оқып жүріп-ақ жаттап алған екен. Қазақстандық данышпанды халықаралық “Ең білімді” энциклопедиясына тізімдеген.
“Мен кім болғым келетінім туралы ойланамын. Мен кино жұлдыз немесе бағдарламашы болғым келеді”, – дейді Ілиястың өзі. Жуырда данышпан ресейлік шоуға шақырту алып, ерекше талантымен жұртты қайран қалдырды.