Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жасар трансгендер сәнбике Нью-Йорктегі сән апталығында подиумда жүріп өтті

Америкалық трансгендер сәнбике Нью-Йорк сән апталығында ең жас модель атанды. Материал Mirror басылымының сайтында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 жастағы Ноэлла есімді жеткіншек Trans Clothing Company киім-кешек және аяқ киім брендінің сән үлгісін көрсетіп подиумда жүріп өтті.

"Мен трансгендер балаларды өз болмысын қабылдауға шабыттандыратыныма қуаныштымын", – деді Ноэлла шоуда журналистерге.


Әлеуметтік желіде танысқан: 36 шөбересі бар 74 жастағы әже 27 жастағы жігітпен көңіл жарастырған 


Бұл ретте жас сәнбикенің ата-анасы 35 жастағы Ди МакМахер мен 32 жастағы Рэй қыздарын мақтан тұтатынын айтты.

"Ноэлла ештеңеден қорықпайды ол кішкентай болса да, өз ісінің маманы. Ол барлық адам мен камераларды көргенде, подиумға шығар алдында қатты толқып кетті. Дегенмен Ноэлла көпшілікпен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы біледі ", – деді қыздың анасы өз әсерімен бөлісті. Сөзінше, қызына кеңес пен қолдау сұрайтын басқа трансгендер балалардан хабарламалар келіп жатқанын атап өтті.

Ноэлла бала кезде ұлдардың киімін киюден бас тартқан. Төрт жасында психологтың қабылдауында ол өзін қыз сияқты сезінетінін мойындады. Сәнбикенің ата-анасы оның таңдауын қолдайды, бірақ сонымен бірге олар дәрі-дәрмектің көмегімен жынысын ауыстыруға әлі ерте деп есептейді.


"Шашымды бір рет жуғанда 6 құты сусабын кетеді": Әлемдегі ең ұзын бұйра шаш иесі оқиғасымен бөлісті 


 

Талқылау