Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жасар қыз IQ сынағында Эйнштейн мен Хокингтың көрсеткішін басып озды

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында 10 жасар қыз IQ-ді анықтайтын сынақтан ең жоғарғы ұпай жинап, әлемнің ең ақылды болып саналатын ғалымдарын басып озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фрейя Манготра есімді он жасар қыз қазан айында кәмелетке толмағандарға арналған IQ «Менс» сынағына қатысып. 162 ұпайды жинапты. Бұл сынақта оның ойлау жүйесі сарапқа салыныпты. 

Оның бұл ұпайы Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтің көрсеткіштерін артта қалдырып кетіпті. Олардың IQ көрсеткіші 160-ты құраған екен. 

Осылайша қыз бала ең ақылды адам деген лауазымға ие болыпты. Манготраның әкесі психиатр Кулдип Кумар өзінің қызын мақтан тұтатынын жеткізген. Ол баласының дарынды екендігін оның бала кезінен байқапты. Жеткіншек кішкентайынан бір айтқан нәрсені бірден қағып алып, оны ешқашан ұмытпайтын көрінеді. 

Манготра тхэквондодан қара белбей иегері, бос уақытында шахмат ойнап, театрларға барып, әңгіме оқығанды ұнатады екен. Ол жүзуге қатысып, үнді биін үйреніп жүрген көрінеді. Дегенмен қыз алдағы уақытта кім болатынын әлі шешпепті. Әкесі қызының дәрігер болғысы келіп, артынша айнып қалғандығын айтты. 

Фрейя Бирмингем қаласының сыртындағы Эджбастондағы мектепте білім алады екен. Оған қыздарға арналған Эдуарда VI патшаның шәкіртақысы ұсынылыпты, Фрейя қабылдау емтиханынан өтіп қойыпты. 

 

Талқылау