Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 млн теңгенің орнына 1 млн теңге: Шымкент әкімі көз жұмған дәрігерлердің отбасына ақша таратты

Шымкент әкімі пандемия кезінде көз жұмған дәрігерлерді марапаттады. Марқұмдардың отбасына көңіл айтып барған Мұрат Әйтенов, қара жамылған 9 үйге ақша да таратты. Алайда президент айтқандай 10 миллион теңге емес, тек 1 миллион теңгеден.Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

дәрігер

Президент айтқан мөлшерде ақша төленбеуінің себебі - көз жұмған дәрігерлер коронавирус емес, пневмониядан қаза болған. 

"Күресіп жатқан ешбір дәрігерді қалдырмаймыз. Бізде қазір ковидпен тікелей жұмыс істеп жүрген азаматтар қайтқан жоқ әлі. Бәрі әрі қарай жұмыс істеп жатыр. Ауырғандар бар. Бірақ қайта жызылып, қайтып жұмысқа кірісіп жатыр", - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Шымкентте пандемия басталғалы 9 медицина қызметкері көз жұмған. Вирус құрбандарының әрқайсының үйіне кіріп шыққан Мұрат Әйтенов "Қайырымды қала" қоры есебінен бөлінген 1 миллионды батаға деп үлестірді. "Аз да болса, көптей көріңіз" деп жұбатқан әкім, ақшадан бөлек ордендер табыстады.

Науқастардың өмірі үшін арпалысып жүріп ажал құшқандар арасында дәрігерлер, медбикелер мен фельдшерлер бар. Олардың алтауына "Құрмет", біреуіне "Парасат", екеуіне "Барыс" ордені берілді.

Талқылау