Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 миллион теңге төлеген: Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

"Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында гидті дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді. 

Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, Төреғали Төреәлі қамауға алынған болатын.  

"Алматы облысы Кеген аудандық сотының қаулысымен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдіктінің Төреғали Әлихановқа қатысты "Бұзақылық" 293-бабының 1-бөлігі бойынша он миллион теңге сомасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, уақытша ұстау изоляторында отырғанда Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтқан болатын. 

Оның сөзінше, жанжал жаңа клиптің түсірілімі барысында шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Өзара ерегіс соңы әншінің жұдырық жұмсауымен аяқталған.

Талқылау