"10 келі тастасаң, қыздай боласың": Мақпал Жүнісова дүйім жұрттың алдында өзіне сын айтқан тыңдарманына жауап берді

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматыда өткен жеке ән кешінде күтпеген жағдайға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің ән кешінен видео Tiktok желісінде жарияланды. Кадрларда тыңдарман сахнаға шығып, алдымен әншіге жылы тілегін айтады, кейін оның салмағына қатысты ескерту жасайды.
“10 келі тастасаң, баяғы қыздай боласың. Бұрын менің 60-жылдыққа қалай билеп, өлең айтқанымды білесің бе? Назарбаевтан басқасының бәрі аузын ашып, таңғалғанын білесің бе? Соның бәрін қайталауға болады. Қазір уақыт сондай, өзіңді қолға алу керек, өз-өзіңді ұстау керек, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек”, – деді ер адам.
Мұндай пікірді күтпеген әнші бірден жауап қайтарды.
“Көп рақмет! Маған айғайламаңыз, бұйырмаңыз. 30 жыл неге келмедіңіз? Маған қиын болғанда, неге ақша бермедіңіз? Сіз бай адамсыз, миллиардерсіз. Менің байға шығатын арманым жоқ, менің денебітімім өзіме ұнайды. Мына кісінің өзі мені алғысы келіп жүр ғой, бірақ сіз алсаңыз да бармаймын. Мұндай арманым жоқ. Аман болыңыз, үлкен басыңызды иіп, сахнаға шыққаныңызға рақмет”, – деп жауап қатты әнші.
- "Заманбегім Заңғарым": Мақпал Жүнісова марқұм жолдасымен түскен естелік суреттерін бөлісті
- "Балалы болғаныма куә болсаң екен": Мақпал Жүнісованың қызының тілегі көптің жүрегін елжіретті
Алайда тыңдарманның бұл сөздері желі қолданушыларына жақпай қалды. Көпшілік ер адамның орынсыз пікірін қатаң сынға алып жатыр.
“Әдепсіз, тәрбиесіз ересек адам”, “Ер адамға әйелдің мінін іздеген ұят екен. Ірі сөйлеу керек қой”, “Не десе о десін, Мақпалдай болып алсын! Мақпал апамыздың осы күйі, осы түрі өзіне жарасымды және халық Мақпалды жақсы көреді”, “Оның салмағында бұл кісінің не шаруасы бар? Мақпал ханым өте әдемі әйел”, “Надар еркек екен”, “Қандай шаруасы бар? Мақпал ханым өзімізге ұнайды”, – деп жазған олар.
Кейінірек Халық әртісіне сын айтқан ер адамның 88 жастағы Асқар Күлібаев екені белгілі болды. Ол бұрын Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды дамыту министрінің қызметін атқарған. Сонымен қатар ол Қазақстандағы белгілі кәсіпкер Тимур Күлібаевтың әкесі ретінде де жиі аталады.
Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы жайлы ел білмейтін шындығын айтқан еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан