"Заманбегім Заңғарым": Мақпал Жүнісова марқұм жолдасымен түскен естелік суреттерін бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Қазақстанның Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовпен түскен естелік суреттерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жүктеген кадрлардан әнші мен жолдасының жас кезін байқауға болады.
“Заманбегім Заңғарым”, – деп жазған әнші.
Желі қолданушылары суреттерге тәнті болып, жылы пікірлер қалдырып жатыр.
“Недеген керемет естеліктер?! Күшті! Аман болыңыз Мақпал ханым! Сізді жақсы көреміз”, “Әдемі естеліктер”, “Зәкәң ағамыздың арқасында қаншама қазақ үйлі болды, Алла разы болсын”, “Қандай керемет кездер”, “Ағамыз тірі болғанда ғой, жатқан жері жарық болсын”, “Керемет кездер-ай, сіздің нағыз естен кетпес уақытыңыз”, – деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісованың қызының тілегі көптің жүрегін елжіреткені хабарланған еді.
Мұғалім ата-ананың мерекеге сыйлаған гүл мен массаж сертификатын қайтарып берген: Қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді
Ата-аналар мұғалімге гүл шоғы мен массаж сертификатын сыйлаған
Ойнап жүрген балалар қазақстандықтың қымбат iPhone-ын доппен теуіп сындырып алған: Өтемақы мәселесі жанжалға ұласты
Біреудің мүлкін сындырған баланың анасы ақысын төлеуден бас тартқан.