Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10-қабаттан құлаған ер адам киіз етіктің көмегімен аман қалды

Якутскіде құтқарушылар көппәтерлі үйдің қабырғасынан желдету білігіне құлаған ер адамды шығарып алды. Ер адам киіз етіктің көмегімен аман қалды.

10-қабаттан құлаған ер адам киіз етіктің көмегімен аман қалды

Сергеяхское Шоссе бойындағы үйлердің бірінің тұрғындары қабырға ішіндегі айқай-шуды естиді. 10-қабатта тұрған ер адам киіз етіктерін желдеткіш тесігіне түсіріп алған екен. Оны алуға тырысқанда өзі де төменге құлап кеткен. Шамамен 28 метрге дейін құлдилап, бірінші қабатқа жеткенде басымен төмен салбырап тұрып қалды. Шахтаның жіңішкелігі мен құлауына себеп болған етігі азаматтың аман қалуына себепші болған. Ер адам киіз етіктің үстіне түскен екен. Зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.

 

Тағы оқыңыз: Бірнеше рет жедел жәрдем шақырды: Екі баласымен терезеден секіріп кеткен әйелдің оқиғасы

Талқылау