1 желтоқсанда сауда орындары мен автобустар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі тұңғыш президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмысын жалғастыратынын хабарлады. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері жүреді, ал жексенбі күні жұмысқа тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол төлемсіз жүргізіледі.
Сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар да қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.
Нұр-Сұлтанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.
"Тұрғындардан санитарлық нормаларды сақтауды сұраймыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынған", - деді әкімдіктен.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 1 желтоқсанда қоғамдық көлік бұрынғы режимде жұмыс істейтінін айтты.
Санитарлық эпидбақылау департаменті СОО, сауда үйлері мен базарлар бұрынғы режимде жұмыс істейтіндігін хабарлады.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
