Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 жасқа дейін қызымызды көрсетпейміз: Арман мен Аша неліктен мұндай қадамға барды?

Аша Матай аналық міндетін де, шығармашылығын да қатар алып жүрген жан. Бірақ, әнші жуырда ғана отандық жұлдыздардың бейнебаянына түсуден бас тартыпты! Өнер иесі неліктен бұл ұсынысқа үзілді кесілді қарсы болды? Ал, кішкентай қызының жүзін халыққа қашан көрсетпек?

19227048_839339876218388_3435008830663032832_n

Бұл сұрақтың жауабын Аша Матай НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында берді.

Жұлдызды жұп Арман мен Аша қазақ шоу-бизнесінің ең өнерлі ғана емес, әрі үлгілі отбасыларының бірі. Кезекті шараға қол ұстасып келген екеуі, бұл жолы да сәбилерін үйге қалдырғанды жөн көріпті. Аяулы ана Аша, әлеуметтік желіден де қызының жүзін жасырады.

«Түрі кімге ұқсайды екен деп сұрақтар келеді. Жалпы 50 де 50 десем қателспеспін. Арманның ұзын бойы, менің түрім. Жанкүйерлерімізге айтарымыз, кішкене күтіңіздер, бір жасқа толғаннан кейін көре жатарсыздар», – дейді Аша.

Ырымға сенетін Аша, сәбиіне көз тиіп қалар деп қатты қорқады. Тіпті, бұл үрей отандық жұлдыздардың айрықша ұсынысынан бас тартқызған.

«Жазира ханым мен Жанболат мырза бізді клиптеріне шақырған болатын сол, сәбилеріңмен бірге түссеңдер деп. Біз кішкене ұялдық бас тартудан. Бірақ, тура келді сөйтіп айтуға», – дейді Арманның келіншегі.

Ал дәл қазір Анталияда демалып жатқан жұп жоспарланған саяхатта тың күш-қуат жинап, жаңа шабытпен шығармашылыққа қайта кіріспекші.

«Біз Арман екеуіміз жаңа ән жазғалы отырмыз. Ән жазғаннан кейін сәтті шығады деген ойдамыз. Себебі, бұл мүлде басқа бағыт. Бұл бағытта ән салып көрмеппіз», – дейді Аша.

Ал, әзірге жарық көрмеген әннің бейнебаяны күзгі маусымда түсірілмек.

Жіберіп алмаңыз:

Анасын шетелге қыдыртқан Тәуекел елдің батасын алды (фото)

Әке тәрбиесі туралы ой бөліскен Қанат Айтбаев көпшіліктің жүрегін елжіретті

Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)

Қызын ұзатуға дайындалып жүрген Абай Бегей тойға миллиондап ақша жұмсайтынын айтты

Талқылау