Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 триллион теңге": Бас прокуратура Қазақстанға қайтарылған мүліктер туралы айтты

Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару барысы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: turantimes.kz

Садырбековтың айтуынша, бүгінге дейін құқық қорғау органдары мемлекетке 1 триллион теңгеге жуық мүлік пен активтерді қайтарған.

"Оның ішінде 600 миллион долларға жуығы басқа мемлекеттерден қайтарылған активтер. Нақтырақ айтсам, менің білуімше, Біріккен Араб Әмірліктерінен – ​​15 млн долларға жуық, Австриядан – 82 млн доллар, Лихтенштейннен – 260 млн доллар, Гонконгтан – 2 млн доллар", – деді бас прокурордың орынбасары.

Садырбеков ел ішіндегі активтер бойынша ақшадан бөлек ірі компаниялардың акциялары, қонақүйлер, базарлар, элиталық бизнес орталықтары, жер телімдері қайтарылғанын айтты.

"Ішінде мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар теміржол желілері де бар", – деді Ғабит Садырбеков.

Талқылау