Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі

1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі, ал материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 процентке жаңарту жоспарланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Jibek joly  арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған.

"Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады", - деді Сүлейменова.


Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде Қарағандыдан келген өрт сөндіру көлігі жанып кетті


Нақты Семей орманына қаншалықты залал келгенін өрт толық сөндірілген соң арнайы комиссия есептейді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Абай облысында өртті сөндіру үш бағытта жалғасуда (оңтүстік, батыс және шығыс жиектер). Шығыс бағытта ауыр техникамен минералданған жолақтар жасау жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау