Басты жаңалықтар
1 млн теңгеден астам: Алматы облысында 32 жастағы азамат жалған ақша жасап келген
Алматы облысында сот 32 жастағы ер адамды жалған ақша жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері Алматы қаласының тумасын облыста 5000 теңгелік жалған банкноттар сатқаны үшін ұстады.
Қылмыстық істі тергеу барысында облыстың заңсыз айналымынан жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам жалған ақша алынды.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық тергеу ҚК-тің "ҚР Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе ҚР валютасындағы басқа да бағалы қағаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу" бабы бойынша жүргізілді.
Сот үкімімен айыпталушы жалған ақша купюраларын жасау, сақтау, жылжыту және сату бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Талқылау

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
Дәрігер мен этнограф жауабын берді

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
Қазақстандық отбасылар филиппиндік күтушілерге 900 доллар (465 957 теңге) және одан да көп төлеуге дайын екенін айтты