Қарағанды облысында кәсіпкерді 1 миллион доллар көлемінде пара беруге итермелеген азаматтың ісі сотқа берілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметінше күдікті кәсіпкерді пара беруге итермелеген.
“Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы 1 миллион АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталуда. Айыпталушы К. Алтаев сотқа берілді”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Талқылау