Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 миллиард теңгеден астам табыс: Қазақстанның 10 қаласында жұмыс істеген вебкам-студиялар желісі анықталды

Фото: polisia.kz

ШҚО-да Қазақстанның 10-нан астам қаласында жұмыс істеп келген вебкам-студиялар желісі әшкереленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, қылмыстық топ "модельдік агенттік" деген атаумен еліміздің 10-нан астам қаласында, соның ішінде Өскеменде де вебкам-студиялар ашып, ашық трансляциялар жүргізіп отырған. Олар 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа тартып, айына 2 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады деп сендірген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұйымдастырушылардың 1 миллиард теңгеден астам табыс тапқаны анықталды.

“Тінту кезінде 120-дан астам компьютер, веб-камера, жарықтандыру құрылғылары және басқа да техникалар тәркіленді. Қазіргі таңда бұл іске қатысы бар 14 адам ұсталды. Олардың арасында осы бизнесті ұйымдастырған негізгі тұлғалар да бар”, – делінген полция хабарламасында. 

Полиция азаматтарды интернет арқылы ұсынылатын "жеңіл табыс табу" туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 20:20
Талқылау
`