Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

1 миллиард қуаныш: Bereke Bank өз клиенттеріне кешбэк тарту етті

2024 жылдың тоғыз айында Bereke Bank клиенттері кешбэк түрінде 1 миллиард 63 миллион 367 мың теңге алды. Рекордтық сома әртүрлі акцияларды жүргізу және ұсыныстарды енгізу арқылы есептелді. Салыстырып қарасақ, 2023 жылдың дәл осындай кезеңінде банк 29,5 миллион теңге кешбэк төлеген. 

Мамандардың жүргізген есебі бойынша, белсенді клиенттер орташа есеппен айына 7 мың теңге мөлшерінде кешбэк алып отыр. "Премьер" сегментіндегі клиенттердің премиалды карталары бойынша кешбэк 36 мың теңгеден асады.

Bereke Bank-те кешбэкті қалай алуға болады?

Bereke Bank-те "B-Bonus+" сенімділік бағдарламасы бар. Ол бойынша әрбір клиент жасалған әр саудадан кепілдендірілген 1,5% кешбэк алады. Төлемдерді картамен де, смартфонмен де жасауға болады. Кешбэк алып тұру үшін тек карта ашып, "Bereke" мобильді қосымшасында "B-Bonus+" бағдарламасын іске қосу керек. 

"Қос пайда"

Депозит ашқан жағдайда, сіз әр жасаған саудаңыздан түсетін кепілдендірілген кешбэкті 7%-ға дейін арттыра аласыз. Бұл – бүгінгі таңдағы ең тиімді ұсыныс:

  • егер клиент 100 мың теңгеден жоғары депозит ашса, барлық сауда үшін 3% кешбэкке ие болады; 
  • егер депозит сомасы 500 мың теңгеден жоғары болса, кешбэк 5%-ға дейін көбейеді; 
  • егер депозитте 7 млн теңгеден жоғары қаражат болса, ең жоғары пайыз 7%-ды құрайды.

Сондай-ақ аталған бағдарламаның аясында 100 мың теңгеден жоғары сомада депозитіңіз болса, "такси" және "жанармай құю" санаттарына 10% және "арнайы санаттар" – кино билеттеріне 30% мөлшерінде (МСС 7929,7832) жоғары бонустар есептеледі.

"Меморина" бонус ойыны

Сонымен қатар, мобильді қосымшада "Меморина" ойыны бар, ол бойынша банк карталарын ұстаушылар қосымша санаттар бойынша жоғары бонустар ала алады:

  • 10% – дәріхана, киім және аяқкиім, кафе және мейрамханалар, косметика, тағамдар жеткізу (Wolt, Glovo, Yandex);
  • 5% – тұрмыстық техника, супермаркеттер, Wildberries, фитнес және СПА, ойын сервистері.

Кешбэкті қалай жұмсауға болады

Кешбэкпен ұялы байланыс, коммуналдық қызмет ақысын, салықты және басқа да төлемдерді төлеуге болады. Мұның бәрін мобильді қосымшада "Төлемдер" бөлімінде батырманы бірнеше рет қана басу арқылы жүзеге асыруға болады.

Bereke Bank бонустары нарықтағы өзіне ұқсас ұсыныстардан қалай ерекшеленеді? 

Негізгі айырмашылығы – бонустарды қайта нақты ақшаға айналдыруға болады. Бір бонус бір теңгеге тең. Айырбастау үшін қаражатты бонустық шоттан картаға аударсаңыз жеткілікті. 

Бонустық шот жөнінде үзінді көшірме 

Клиенттердің жиі қойылатын сұрақтарын зерделей келе, банк клиенттерге барлық есептелген бонустарды толық бақылып отыру мүмкіндігін ұсынып отыр. 

"Bereke мобильді қосымшасында "Бонустар жөнінде үзінді көшірме алу" опциясы пайда болды. Клиент аталған бөлімге өткеннен кейін орындалған әр транзакцияны және ол бойынша берілетін кешбэк сомасын, кешбэктің есептелген күні мен уақытын және өзінің ай сайынғы лимитін көре алады. Жүргізілген операциялар туралы ақпаратты PDF форматында жеке құжат түрінде басып шығарып алуға болады. Мұндай опция клиенттің стандартты немесе жоғары бонустарды қандай сауда үшін алғанын бірден көріп отыруға мүмкіндік береді. Қажетті ақпаратты тез табу үшін, маңызды қаржылық шешімдер қабылдау үшін үзінді көшірме интуитивті түрде түсінікті етіп жасалды", – деп атап өтті "Bereke Bank" АҚ Сенімділік бағдарламасын дамыту басқармасының директоры Қанат Рахимов.

Bereke Bank-те кешбэк-бағдарламасы қалай дамиды 

Bereke Bank клиенттердің сұраныс-тілектерін ескере отырып, кешбэк есептеу механикасын сақтап қалуды әрі оны ары қарай да дамытуды жоспарлап отыр. Банк клиенттермен кері байланыс орнату және түрлі сұраныс-тілектерді ескеру арқылы клиенттердің пікіріне аса ден қояды. Bereke Bank кешбэк бағдарламасын белсенді пайдаланушыларының саны күн санап артып келеді, бұл аудиторияның банкке үлкен сенім артатынының дәлелі. Келесі үлкен фокус сенімділік бағдарламасы бойынша геймификацияны дамытуға қойылмақ.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия 

STAN.KZ
Бейсенбі, 14 Қараша, 2024 16:20
Талқылау