Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

0 теңге: Home Credit Bank шағын және орта бизнеске цифрлық мүмкіндіктер алаңын ашты

Қазақстандағы жалғыз Еуропалық Банк шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банк құрды. Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваровтың айтуынша, шағын және орта бизнес үшін цифрлық банк құру – Home Credit Bank тарихындағы жаңа кезең. 

"18 жыл ішінде біз Қазақстандағы бөлшек сауда нарығында танымал болдық. Енді қызметтерімізді шағын және орта бизнеске бағыттайтын кез келді. Біз кәсіпкерлердің қаржылық қызмет бөлігінде өмірін қалай жеңілдетуге болатынын білеміз, өйткені біз олардың негізгі қажеттіліктерін, қиындықтары мен үміттерін түсінеміз. HCB Business кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізуді жеңілдетеді. Себебі қосымша қызметтерін қолдану 0 теңге, яғни комиссиясыз. Бұл кәсіпкерлердің біздің цифрлық банкімізді жоғары бағалауына жол ашады деп сенеміз", – деді Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.


Оның сөзінше, алдағы екі жылда цифрлық банкті дамытуға салынған инвестициялар шамамен 20 миллион теңгені құрайды, жаңа жоба 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Home Credit Bank жаңа сервис банкке шағын және орта бизнес нарығындағы көшбасшылар үштігіне кіруге мүмкіндік береді деп жоспарлап отыр. Ал "Home Credit Bank" АҚ ШОБ блогының басшысы Дамир Какиев цифрлық банк биылғы қорытынды бойынша бизнеске арналған үздік платформа болатынына сенімді екенін айтты.

"Біз Қазақстанда ШОБ үшін ең қолайлы цифрлық банкті небәрі 6 ай ішінде жасап шықтық. Біз жеке тұлғаларға арналған қосымшаның барлық мүмкіндіктерін кәсіпкерлерге арналған қосымшаға көшірдік. Сервис бизнеске қызмет көрсететін немесе тауарларды сататын b2b клиенттеріне де, жеке тұлғалармен тікелей жұмыс істейтін b2c кәсіпкерлері үшін де ыңғайлы болады", –  деп атап өтті "Home Credit Bank" АҚ ШОБ блогының басшысы Дамир Какиев. 

Цифрлық банктің тағы бір ерекшелігі – қосымшада Home Credit Bank клиенті емес клиенттер де тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге сатып ала алады. Бұл сатып алушыға еркіндік, кәсіпкерге клиенттік базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

"Біз өз тауарымызға клиент көзімен қарағанды жөн санадық. Сондықтан жеке кәсіпкерлерден бизнеске арналған банк қандай болу керегін біліп, олардың барлық қалауларын орындауға тырыстық. Егер алдағы уақытта клиенттеріміз бұл тауарды өзгерту туралы ұсыныстар айтса, біз барлық жұмысызды ысырып қойып, клиент талабын орындауға әзірміз", – дейді Дамир Какиев.

Шараға арнайы шақырылған жеке кәсіпкерлерге банк топ-менеджерлері цифрлық жүйені таныстырып, оны жүктеп, іске қосу туралы кеңес берді. Алғашқы болып алматылық Александр есімді жеке кәсіпкер тіркелді. Алдымен мобильді қосымшаны телефонға жүктеп, өзі жайлы ақпаратты толтырып, шот ашып, авторазация жасады. PIN-код алып, Face ID-мен растаудан өтті. Бизнес өкілі ретінде тіркеліп, Жеке кәсібі мен құжаттарын растап, құпия сөз қойды.

Бұл жұмыстың барлығы Александрдың 5 минут қана уақытын алды. Ол шот ашып қана қоймай, өзінің техника құралдарын сататын дүкендерінің көрмесін жасап, алғашқы клиентінен төлем қабылдады. Клиент Александр көрсеткен QR-код арқылы төлем жүйесіне өтіп, өзінің шоты бар басқа банктен несие жасатып, су жаңа тауарды бөліп төлеуге алды. Осы процеске Александрмен оның клиенті 3 минут қана уақытын жұмсады. Бұл – онлайн сауда үшін таптырмайтын мүмкіндік. Себебі кәсіпкер тапсырыс берушіге өз QR-кодын жіберіп, ол арқылы клиент Қазақстандағы кез келген банктен бөліп төлеуге 0 пайызбен қарыз алып, тауарға тапсырыс бере алады. Яғни енді жыл бойы жеңілдік күнін күтудің қажеті жоқ.

Қазір цифрлық банкте бірнеше мүмкіндік бар: 

  • 5 минут ішінде шот ашу;
  • Төлемдер: теңгедегі аударымдар, бюджетке төлемдер, компания үшін және қызметкерлер үшін салық төлеу;
  • Тәулік бойы 50 000 долларға дейінгі сомманы теңгеге, долларға, еуроға, рубльге пайыссыз айырбастау;
  • 10 000 долларға дейін халықаралық аударымдар;
  • Әртүрлі қаржылық қызметтер туралы анықтамалар алу;
  • Комиссиясыз операциялар;
  • Банк терминалдарынан картасыз тегін ақша шығару;
  • Тауарларды бөліп төлеуге сату мүмкіндігі және жеңілдетілген скорингпен бөліп төлеу кабинетіне ең жылдам қосылу.

Жыл соңына ашылатын жаңа мүмкіндіктер: 

  • Онлайн бухгалтерия;
  • Салықты автоматты түрде есептеп, төлеу;
  • Кадрлық әкімшілік;
  • Бизнеске бастапқы құжаттарды алу;
  • 910 форманы алу;
  • Е-қолтаңба;
  • Сыртқы экономикалық қызмет;
  • Мерчант кабинеті: сатылым тарихы, тауарды қайтару, жаңа тауар (несие) алу.

HCB Business платформасымен танысу үшін оны тамыз айынан бастап AppStore және PlayMarket-тен көшіріп алуға болады. Қосымша сұрақтар бойынша байланыс орталығының қысқа нөмірі: 4455, WhatsАpp қолдау нөмірі: +7 777 750 44 55, Instagram парақша: homecredit_business.