Каспий теңізіне көлігімен кірген өзбекстандық блогер жазаланды (видео)

Маңғыстау облысында өзбекстандық блогер Каспий теңізіне көлігімен кіріп, айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев Instagram парақшасында Каспий теңізінің жағалауында жол талғамайтын көлігімен жүрген видео жариялады.
Қазақстандық Threads қолданушылары Йолчиевтің автокөлікпен Каспий теңізіне толық кіріп кеткен сәтін түсіріп алған. Бұдан бөлек желі қолданушылары блогердің жағалауда тәртіпсіздік жасағанын да айтады.
ОқыңызМаңғыстау облыстық полиция департаменті аталмыш блогердің "қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бүлдірген, жасыл желектерді жойған немесе зақымдаған жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.