Қазақстандықтар патриоттық фильмдерге бара ма – Мәдениет министрлігі олардың қаншалықты өзін ақтайтынын түсіндірді

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов “қазақстандықтар әскери-патриоттық фильмдерге бара ма және олардың шығыны қаншалықты ақталады” деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол мұндай фильмдерге арнайы тұрақты бюджет бөлінбейтінін атап өтті. Студиялар бекітілген тақырыптар бойынша конкурсқа қатысады. Ал жобалар саны жыл сайын өзгеріп отырады. Соңғы жылдары түсірілген әскери-патриоттық фильмдердің қатарында "Капитан Байтасов", "Патриоттар уақыты" және ТЖМ қызметкерлері туралы жоба бар. Жалпы осы тақырыпта шамамен бес-алты фильм шыққан.
"Қазір мемлекет қолдауымен түсірілетін фильмдерге белгілі бір талап қойылады. Кино орталығы арқылы қаржыландырылатын жобалар үшін міндетті KPI бар. Яғни олар кемінде прокатқа шығуы тиіс. Сонымен қатар өзін ақтауы керек. Демек, көрермен келіп, фильмге сұраныс болуы қажет. Бұл – қаржы бөлінген кездегі негізгі міндеттердің бірі", – деді Кочетов.
Вице-министрдің айтуынша, жақында елде мемлекеттік саясат бағыттары бойынша, оның ішінде әскери-патриоттық тақырыпта сериалдар түсіруге конкурс жарияланған. Студиялар өз жобаларын ұсынады, комиссия оларды қарап, қайсысына қолдау көрсетілетінін шешеді.
Сонымен қатар, мемлекет мұндай жобаларды толық қаржыландырмайды. Бір бөлігін ғана өтейді. Бұл кино компанияларды фильмді прокатқа шығарып, оны ілгерілетуге ынталандыру үшін жасалады.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Оқыңыз