Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Белгілі бір санаттар үшін несие алу мүмкіндігі шектеледі": Қазақстандықтарға желіде тараған ақпаратқа байланысты ескерту жасалды

несие

Фото: iStock

Желіде азаматтардың “белгілі бір санаттар үшін несие алу мүмкіндігі шектелетіні" туралы ақпарат тарады. Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы ақпаратқа байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомство несие беру мәселелеріне қатысты манипуляциялық ақпараттар пайда болғанын алға тартты.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда қарыз алғанда банктер әрқашан адамның табысқа қарай несие төлей алу қабілетін тексереді.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген негізгі көрсеткіш – борыштық жүктеме коэффициенті (БЖК). Бұл көрсеткіш табыстың қанша бөлігіне несие төлемін төлей алатыныңызды көрсетеді. Мысалы, БЖК 0,5 болса, табысыңыздың жартысынан артық қарыз алмайсыз деген сөз. Жаңа көрсеткіш – борыштың табысқа қатынасы (БТҚ) – қазір тек зерттеліп жатыр, нақты шегі бекітілген жоқ”, – делінген хабарламада. 

2026 жылы қазақстандықтар үшін несие алу және бөліп төлеумен сатып алу қиындайды

2026 жылы қазақстандықтар үшін несие алу және бөліп төлеумен сатып алу қиындайды

Оқыңыз

Орталық желілердегі үрей туғызатын сипаттағы жарияланымдарға сенбеуге шақырды. Олар көбінесе жасанды дүрбелең тудыруға және күмәнді ақылы қызметтерді ұсынуға бағытталған. Сондықтан деректерді өзгелерге бермеуді, мұқият болуды ескертті.

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 12:13