"Желіде қыздармен танысып отыр": Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі сынға қалды
Фото: Ашық дереккөзден алынды
Әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі, актер Ғазірет Қажымұқанұлы әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеоға назар аударсақ, стримде отырған ер адамның Ғазірет Қажымұқанұлы екенін желі қолданушылары бірден таныды. Ол стримде қыздармен жиі сөйлеседі.
“Мен жеке өмірімді айтқанды ұнатпаймын. Үйленген болуым да мүмкін”, – деді актер танысып отырған бейтаныс аруға.
-
"Олар тыныш өмірді қалады": Анна Данченко әнші Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты мәлімдеме жасады
-
"Махаббатымыз түсірілім кезінде басталды": Ғазірет жұбайы Кәмшат Жолдыбаевамен қалай танысқанын айтып берді
Желі қолданушылары актердің бұл сөзін қызу талқыға салды.
"Кәмшаттың күшті клиптерін YouTube-тан алғызып тастап, үйге отырғызып қойды. Өзі қызбен танысып отыр ғой", "Әйелін үйде отырғызып, өзі қыздармен сөйлесе ме?", "Өз әйеліңді сыйламайсың ба", "Кәмшатқа тыйым салып, өзі күнде тиктокта", "Ақша жақсы түседі тиктоктан, осылай шыққаны үшін", "Бәрі отырады, бұл да ақша жасаудың әдісі. Сөйтіп тиыннан қомақты ақша жасайды. Соларды асырайтын баяғы халық", – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, өнерлі жұп жақында қызды болған еді.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
