"Басы істемейтіндер емін-еркін тайраңдап жүр": Қарақат Әбілдина лифтіде балаға пышақ тақаған жасөспірімге қатысты пікір білдірді
Танымал әнші Қарақат Әбілдина астаналық жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағанға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/photos
Айта кетейік, оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде болған. Жантүршігерлік оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
“Мына жағдайға жүрегім ауырып отыр. Не деген сұмдық мынау?! Басы істемейтін осындайлардың тайраңдап жүруіне неге рұқсат береді. Тыйым салу керек еді. Ата-ана, заң қайда қарап отыр?! Бес жасар балақайдың не жазығы бар?! Сөзім жоқ менің. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздаршы”, – деп жазды әнші.
-
Астанада лифтте 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімді полиция оқшаулайтын болды
-
Астанада жігіт туыстарын ойын үшін пышақтап тастаған: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Одан кейін, Астанада бес жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірім тағы бір қызға тиіскені анықталды.
Кадрларда жасөспірім лифт жабылуына жол бермей, қыздың кетуіне кедергі келтіргені көрінеді. Ол пышақты шығарып, балаға кеземек болады. Бірақ ол бірдеңеден сескеніп, пышақты тықпайды.
Ал беті кесілген бес жасар бала №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, балаға қан кетуін тоқтату үшін ота жасалған. Отадан кейін жағдайы қалыпты. Дегенмен пышақ жарақаттарынан кейін жалпы жағдайы ауыр деп бағаланады.
Астана полиция департаменті кәмелетке толмаған қаскүнемнің заңды өкілі ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны үшін бұған дейін де жауапқа тартылғанын хабарлады.