Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында ер адам кек алу үшін қарсыласының көлігіне оқ атқан

Қарағанды облысында ер адам кек алу мақсатында қарсыласының көлігіне оқ атқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

30 жастағы ауыл тұрғыны полицейлерге белгісіз біреу үйінің ауласында тұрған көлігіне үш рет оқ атып, қашып кеткенін хабарлады. Жәбірленуші ешқандай жарақат алмаса да көлігіне залал келген. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды.

Ұсталған азамат жәбірленушімен бұрын болған кикілжіңнен кек алу мақсатында аңшы мылтығынан оқ атқанын мойындады.

“ҚР ҚК 24-99 “Адам өлтіруге оқталу“ бабымен қылмыстық іс қозғалды. Мылтық тәркіленді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды”,- деді ведомство.

Талқылау