Үйленгенін жасырып келген танымал әнші әке атанды
Ақтөбе облысынан шыққан танымал әнші әрі актер, «Сүйгенің қайда», «Келтірмеші күлкімді» хит әндерінің авторы Нұрболат Абдуллин әке атанды. Бұл туралы әншінің жұбайының Instagram парақшасынан белгілі болды.
Танымал әншінің жұбайы Гүлфарида тұла бойы тұңғышын өмірге алып келді. Оны барлық жақындары мен достары желіде құттықтап жатыр. Бір қызығы, Нұрболат Абдуллин бүгінге дейін үйленгенін жасырып келген.
Өнердегі жұлдызды әріптестері Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртасқа еліктеген ол талай рет желідегі тікелей эфир кезінде өзінің әлі үйленбегенін айтқан болатын.
Еске сала кетейік, Нұрболат Абдуллин Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында туған.
Ол отандық «Көзайым» сериалында басты рөлді сомдап, актер ретінде жақсы бағаға ие болды. Сондай-ақ, Абдуллиннің әндері той қонақтарының арасында аса танымал.
Оқи отырыңыз:
KeshYou тобының құрамы тағы да өзгерді
Анджелина Джоли талғамсыз таңдалған көйлегімен жұртты шошытты (фото)
Гүлзира Айдарбекова үйінде келін шайдың қалай өтіп жатқанын көрсетіп мақтанды (видео)
Ақбота Керімбекованың күйеуінің бірінші әйелімен не себепті ажырасқаны белгілі болды