Үндістандық құдайдың құрметіне қолын 43 жыл бойы түсірместен жоғары көтеріп келген (фото)
Үндістандық әулие Амар Бхарати қолын 43 жыл бойы жоғары көтеріп келген. Рухани әлемге келгенге дейін оны Махант Амар Бхарти Джи деп атаған. 1973 жылдан бастап ол Шива құдайының құрметіне қолын басынан жоғары көтеріп, ауырғанынан қарамастан содан әлі төмен түсірмеген.
Бірнеше жылдан кейін оның қолы үнемі тік тұрғандықтан тырнақтары өсіп, қолына оратылып, қолы адам көргісіз күйге айналған.
Біраз жыл бойы ауырсынғаннан кейін оның қол сүйегі жарамсыз болып қалған.
Кейбір деректерге сүйенсек, әлемдегі қантөгістер Амар Бхаратиге ауыр тигендіктен, ол бейбіт өмір үшін қолын жоғары көтеруге бел байлаған. Оны Харидвар қаласында жоғары тұтып, құрметтеп жатады.
Өзінің айтуынша, оның қолы бастапқыда қатты ауырғанымен, кейіннен оған үйреніп кеткен екен.
Амар Бхарати өзіне дейінгі әулие-әмбиелердің де осылай жасағанын айтады. Ол тек солардың ізін жалғастырып келе жатқанын жеткізді.
Амардың 43 жыл бойы қолын көтеріп тұрғанын ешкім құжат бойынша дәлелдеп бере алмайды. Үндістанда мұндай құлшылықтардың небір түрі кездеседі. Мәселен, тұрып ұйықтайды, ұзақ уақытқа ораза ұстайды. Тіпті, Үндістанда Прахлад Джани есімді әулие 70 жыл бойы ешнәрсе ішіп-жемеген екен.