Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Үндістанда жүйткіп келе жатқан пойыз мейрамды атап өтіп жатқан адамдар тобын қағып кетті (видео)
Үндістанның Амритсар қаласында пойыз адамдар тобын қағып кетіп, салдарынан 60-тан аса адам көз жұмып, 100-ге жуығы зардап шекті.
Бұл туралы ВВС агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қала тұрғындары индуистердің Дусшера аталатын басты мейрамдарының бірін атап өтіп жатқан. Аталған мейрам жақсылықтың жамандықты жеңуінің белгісі екен. Мейрам кезінде жүздеген адам рельсте тұрып, аңыздағы жын патшасы Равананың тұлыбын өртеп жатқан кезде оларды пойыз қағып кетті.
Куәгерлердің сөзінше, тұлыптың іші отшашу үшін қолданылатын оқ-дәрі заряды бар қағаз снарядқа толы болған. Олар отшашудың атылған қатты дыбысының салдарынан пойыздың жақындап қалғанын естімепті. Олар пойыз машинистінің неліктен дер кезінде отарбаны тоқтатпағанына қайран қалуда.
Өз кезегінде қала билігі зардап шеккендердің ауруханада ем қабылдауына бар күшті салатынын мәлімдеді.
Желіде қатты жылдамдықта жүйткіп келе жатқан пойыздың адамдар тобын қаққан сәтінің видеосы пайда болды.
Clearest video of today incident. Tragic! All heart goes to the families. Heartbreaking. #BlueLivesMatter #AmritsarRailAccident #amritsar @imVkohli @capt_amarinder @narendramodi @BJP4India pic.twitter.com/0p6IusFfsy
— virat kohli club (@BaapVijay) 19 октября 2018 г.
Пенджаб штатының билік басшысы Амариндер Сингх бұл жайтты қайғылы оқиға деп жариялады.
«Біз жараланғандарға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Мен аудандық әкімшілікке оларға жоғары деңгейде көмек көрсетілуін тапсырдым», – дейді ол.