Үндістанда сиыр етін тасымалдаушыларды малдың тезегі мен зәрін ішкізіп жазалады
Үндістандағы «Сиырларды қорғау отрядының» белсенділері 700 келі мал етін сату мақсатында жолға шыққан саудагерлерді ұстап алған. Белсенділер елдегі заңға, халықтың наным-сеніміне қарсы шыққандарды сиырдың көңін жегізіп жазалаған.
Бұл туралы Indian Express жазған.
Бұл жағдай 10 маусым күні болған. Желіде тек екі апта өткеннен кейін барып тараған. Отряд белсенділері Харьян штатындағы Меват округінен шыққан еттің Нью-Делиге тасмалданып баражатқанын білген. Олар саудагерлердің ізіне түсіп аңдыған. Қуып жетіп, көліктегі сиыр еті екеніне көз жеткізген.
Жануарларды қорғаушылар ұсталғандарға панчагавьейді күштеп жегізген.
Панчагавьей- сиырдың тезегі, сүті, зәрі, майы мен йогурт қоспасы. Бұл қоспа үнділердің дінінде құлшылық уақытында құрбандықтың бірі есебінде пайдаланылады.
Белсенділердің жетекшісі Дхармендр Ядавтың сөзінше мұндай жаза оларға сабақ болсын деген мақсатта жасалған. Сонджай-ақ, өзгелерді мұндай әрекеттен аулақ болуға шақыру үшін жасалды деген.
Саудагерлерді жазалау сәті видеоға жазылған. Белсенділер оны әдейлеп түсірмегендерін, кімнің таспаға жазғанын білмейтіндерін айтқан.