Үндістанда белгісіз біреулер түрмеге шабуылдап 5 тұтқынды босатып жіберген
Үндістандағы Набха түрмесіне қаруланған белгісіз адамдар тобы шабуыл жасап, бес тұтқынды босатып жіберген.
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Набха түрмесіне басып кірген оншақты қарулы адам полицей киімін киіп келген. Олар бірден атыс бастап, бес бірдей тұтқынды босатып алған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп, жағдайды зерттеуде.
Сондай-ақ, полицейлер мен әскерилер Пахалгам қаласын қоршауға алып, күдіктілерді қолға түсіру операциясын жасап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Сүйіктісінен таяқ жеп көз жұмған әйел өмірінің соңғы сәттерін диктофонға жазып үлгерген
16 жастағы жігіт 17 жастағы қызды зират ішінде зорлап кеткен
Гүлнар Кәрімованың ұлы анасының өліміне байланысты ақпаратқа пікір білдірді
Мұғалімі интернаттағы тұрмысы төмен 13 жасар оқушысын 10 мың долларға сатпақ болған
Талқылау