Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет басшысы Олимпиадаға баратын спортшыларға сәттілік тіледі

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қысқы Олимпиадада бақ сынайтын спортшыларға жеңіс тіледі. Үкімет отырысында Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына дайындық барысы мәселесі қозғалды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Қысқы Олимпиада ойындары 9 ақпанда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында басталады. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазақстандық спорт делегациясы 9 спорт түрінен – биатлон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, тау-шаңғы спорты, шаңғы жарысы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл, могул бойынша қатысуды жоспарлап отыр.

Үкімет басшысы осы орайда әлемдік додада бақ сынайтын спортшыларыға сәттілік тіледі.

“Жеңеміз деп ертерек айтып қойсақ көз тиіп қалар. Олимпиада ойындарының ашылуына бірнеше күн ғана қалды, бәріміз тағатсыздана күтеміз. Спортшыларымызға жеңіс тілейміз, медальдармен оралады деген үміттеміз”, — деді премьер-министр.

Айта кетейік, Ұлттық олимпиада комитеті министрлікпен бірлесіп спортшылардың допингті қолдануға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдаған.

Комитет бас хатшысы Әбілғазиннің айтуынша, Олимпиада командасының барлық кандидаты допинг тестінен өтті. Әр спортшыдан соңғы сынама қаңтар айының басында алынып, Дрезденнің допингке қарсы зертханасына жіберілген.

Тағы оқыңыз:

Асылжан Мамытбеков Қазақстан ет одағының төрағасы болып сайланды

Депутаттар Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау министрін “аспаннан жерге түсірді”

Мемлекеттік грантта оқыған дәрігерлер ауылда еңбек етуге міндеттелуі мүмкін

Ресей тас жолында қазақстандықтар мінген көлік құтқарылды

Талқылау