Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет басшысы iшкi iстер министрiне тiркеу шикiлiктерiне қатысты сын айтты

Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев тiркеу енгiзiлгеннен кейiн ХҚКО-ларда үлкен кезектiң қалыптасқанын және бұның халық арасында наразылық тудырғанын айтты.

04c2eb386a95a83de06867c6902201eb8cfa1c2e

Премьер-министр тiркеуге қатысты сұрақтардың тым көп екенiн және түсiндiру жұмыстарының дұрыс жүргiзiлмегенiн жеткiздi, деп хабарлайды BNews.kz.

Үкiмет басшысының наразылығынан кейiн ҚР IIМ министрi Қалмұханбет Қасымов биылғы жылдың 7 қаңтарында күшiне енген заңға қатысты түсiнiктеме бердi.

«Азаматтардың тұрғылықты мекенжайына 10 күн iшiнде тiркелу мiндетi бұрын да болған. Жаңа заңмен тiркеу ережелерiн бұзған азаматтарды жауапқа тарту мерзiмi үш айдан бiр айға дейiн қысқартылды. Бiр айға дейiн тiркелмесе ескерту жасалады. Ал бұл мерзiмнен асқанда 7 АЕК көлемiнде айыппұл салынады. Ендi азаматтардың тұрақты тiркелуi болса да, олар одан шықпай-ақ, тұрғылықты мекенжайы бойынша уақытша тiркеуге тұра алады», – дедi Қасымов.

ҚР премьер-министрi Қасымовтан тiркеуге қатысты заңға нақты қашан қол қойылғанын және түсiндiру жұмыстарының қашан басталғанын сұрады.

Қасымов аталған заңға 2016 жылдың 22 желтоқсанында қол қойылғанын айтып, ХҚКО-ларда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Дегенмен, Сағынтаев халыққа қатысты заң бойынша түсiндiру жұмыстарын ертерек, 22 желтоқсаннан бастау керек едi дедi. Жаппай тiркелуге көшпес бұрын электрондық тiркелу жүйесiн әзiрлеу керектiгiн де айтты.

Сағынтаев «Азаматтарға арналған үкiмет» корпорациясын ондай болса не үшiн құрдық?», – деп нарызылық бiлдiрдi.

Ал, Қасымов 7-9 қаңтар аралығында елiмiзде 40 мың азаматтың тiркелгенiн айтты. Олардың 19 мыңы уақытша тiркелсе, бұрын мүлдем тiркеуде болмаған 21 мың адам тiркелген екен. Электрондық түрде тiркелу мәселесiнiң қарастырылып жатқанын айтқан министр бiр ай бойы тiркелмеген азаматтарға тек ескерту жасалатынын жеткiздi.

Талқылау