Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өндіріс пен ғылымдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі, Қарағанды ​​облысының жоғары оқу орындары, атқарушы билік және ірі кәсіпорындардың қатысуымен өткен "Бизнеспен диалог: ғылымды дамытудағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың рөлі" атты дөңгелек үстелде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми қызметкерлердің тікелей өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелде қазақстандық ғылымды дамыту форматын өзгерту, оның ішінде өндіріспен өзара әрекеттесу және интеграция мәселесіне баса назар аударылды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылдың қаңтарында ғылыми-техникалық саясат туралы заңды қабылдау жоспарланып отырғанын атап өтті. Заңды қабылдау арқылы көптеген даулы мәселелер шешілмек.

Бірінші кезекте ғылыми қауымдастықтарды қаржыландыру жүйесін ұлғайту және өзгерту туралы мәселе көтерілді. Бұл жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымды дамытуға деген көзқарасты өзгертуге көмектеседі.

Сонымен қатар, студенттерге арналған гранттар өндіріске қажетті мамандықтарға қарай берілетін болады. Яғни, бұл тізімді кәсіпорындар өздері қалыптастырады. Осылайша, бірден өндірістегі кадрлар тапшылығы және түлектерді одан әрі кепілдендірілген жұмысқа орналастыру мәселелерін бірден шешілетін болады.

Кәсіпкерлерге де белгілі бір шарттар қарастырылған, бұл жағдайда бизнестің ғылыммен байланысы барлығы үшін тиімді болмақ. Дегенмен, бұл жерде тараптардың әрқайсысы қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді нақты түсінуі керек.

“Басты міндет – кәсіпорындар, жергілікті билік пен ғалымдарымыз арасындағы диалогты бастап беру. Кәсіпорындар өздерінің техникалық міндеттерін неғұрлым нақты тұжырымдаса, біз де жан-жақты көмектесу мүмкіндігіне ие боламыз”, – деді Саясат Нұрбек.

Ғылым мен жоғары білім жүйесінде қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Владимир Яблонский атап өтіп, оның қажеттілігіне тоқталды. Оның сөзінше, жаңашылдықтар бизнеске де, әлеуметтік салаға да оң әсерін береді.

“Біз өз өнімдеріміздің тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға мүдделіміз. Біз жоғары технологиялық компания ретінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде осы салада жеткілікті ауқымды зерттеулер жүргізіп жатырмыз, сондықтан біздің өнімдеріміз сұранысқа ие. Әрине, жаңа деңгейге өту үшін жаңа технологиялар мен білікті мамандар қажет, – деп атап өтті Владимир Яблонский.

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындары қолданбалы ғылым саласында ауқымды жұмыстар атқаруда. Кәсіпорын бірінші кезекте инженерлердің, тау-кен және өңдеу өнеркәсібіндегі жұмысшылардың, сондай-ақ ғалымдар мен өндіріс технологтарының жаңа буынын құруға мүдделі.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен тұрде жұмыс істеуде. Мәселен, соңғы жылдары көптеген жобалар жасалып, оның нәтижесі өндіріске енгізілуде. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми зерттеушілер арасындағы ынтымақтастықтың өте маңызды аспектісі.

Қарағанды ​​индустриалды университетімен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Жас ғалым” бағдарламасы арқылы постдокторанттарды, сондай-ақ жас ғалымдардың жобаларын қаржыландыруда. Оған қоса, Назарбаев Университетімен "Болат шлак түріндегі қалдықтардан жол абразивтері" жобасы бойынша ынтымақтастық жобаы жүзеге асуда. Бұл жоба біздің елімізге өндіріс қалдықтарын жол төсемдерін салу мен жөндеуге пайдалануға мүмкіндік береді.

Бірнеше жыл бойы компания Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жобасын әзірлеу аяқталуға жақын. Қарағанды ​​технологиялық университетінде жас ғалымдарға арналған гранттарды қоса қаржыландыруды қолдайды. 2023 жылы Narxoz университетімен өндіріс қалдықтарын өңдеу кезінде шаңды жинау және шаңды басу бойынша бірлескен жоба іске қосылды. Бұл университеттердің студенттері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ компаниясында өндірістік практикадан өтуде.  

"АрселорМиттал Теміртау" бар тәжірибені қолдану арқылы басқа ЖОО-ларда да ірі ғалымдар, маманданған өндірістік технологтар, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу компанияларының жетекшілері дайындалады деген сенімде. Бұл болашақта өндіріске айтарлықтай әсер етіп, азаматтардың әл-ауқатына оң нәтиже беретін болады.

Талқылау