Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әділетсіздіктен қажып, жүрегі ренішті көтере алмады": Қонаевтың жеке дәрігері бұрынғы басшымен болған естеліктерін айтып берді

Президент істерін басқару медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасында Дінмұхаммед Қонаевтың жеке дәрігері болған маман жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігер қазір 84 жаста, бірақ әлі де адамдарды емдейді. Жиырма жыл бойы Ахат Мулюков Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жеке дәрігері болған.

Ахат Мулюков Алматы облысының Қапал ауылында дүниеге келіп, Алматыдағы медицина университетін бітірген. Сол кезде Сызғанов атындағы Алматы хирургия институтында жұмыс істеген. Дінмұхамед Қонаев инфаркт алғандықтан, тәжірибелі анестезиолог-реаниматолог ретінде оны шақыртқан. Дәрігер мұндай жауапкершіліктен алғашында қорыққанымен, кейін өзіне сенгенін айтты.

“КСРО-ның төртінші бас басқармасының бастығы Евгений Чазов: "Сен мұнда қарапайым қызметкер емес, дәрігер болып келдің. Егер оңалту сәтті болса, басшы жұмысын жалғастырады, ал жазылмаса, зейнетке кетеді! Біздің сенімімізді ақта" деген.  Дінмұхамед Қонаевтың денсаулығын 20 жыл бойы бақылап отырдым. Тіпті қызметінен алынса да, жанында болдым, тегін кеңес беріп, емдеуді жалғастырдым. Ол қайтыс болар күні де жанында болдым, бірақ  құтқара алмадым, ол әділетсіздіктен қажып, жүрегі мұндай ренішті көтере алмады!" – деп еске алады Ахат Мулюков.

Айтуынша, Қонаев сыпайы, мейірімді және ісіне тиянақты адам болған, кез келген адаммен, соның балалармен, оңай тіл табысатын.

“Ол артық күмәнсіз, сұрақтарсыз менің барлық нұсқауларымды орындап, сенім білдіретін.Ол шунттаусыз 82 жасқа дейін өмір сүрді. Онымен жұмыс істеп, адами қасиетін көрдім. Оның "Өз қалтаңды мемлекеттің қалтасымен шатастырмай, адал жұмыс істе!" деген сөзі мәңгі есімде" дейді дәрігер.

Қонаевтың бұрынғы жеке дәрігері  зейнетке шығуға асықпайды. Ол сонымен қатар қартаюдың алдын алу құпиясымен бөлісті.

“Сүйікті жұмысыңызбен айналысуыңыз керек, күшіңізді қажетсіз нәрселерге жұмсамаңыз. Асығып, өзіңізді шектен тыс түрлі нәрселермен жүктеуге болмайды, бірақ жалқау да болмаңыз. Адамның жүрегі тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан бұлшықеттер шамадан тыс босаңсымауы керек, олар пішінін жоғалтпауы қажет. Әрқашан бір қарапайым ережені сақтау маңызды. Басқа адамдарды сөзбен де, іспен де, оймен де ренжітпеңіз!" –  деді медицина маманы.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 05 Шілде, 2023 09:53
Талқылау