AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үстіндегі киімдерді елден сұрап киіндірдім: Ақтөбеде өрт салдарынан үйсіз қалған отбасы не істерін білмейді

Қыстың көзі қырауда Ақтөбелік көпбалалы отбасы далада қалды. Тұрған үйлері өртеніп, қызыл жалында қалған титтей үш баланы ағайыны құтқарған. Абырой болғанда бәрі дін аман. Тек балалы-шағалы отбасының барар жері болмай тұр.

Айтып келмейтін апаттан зардап шеккен Байтөбетовтердің жағдайы туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қызыл жалын міне, осы бөлмеден шыққан. Бұл- балалардың ойын бөлмесі екен. Өрт шыққанда үйде қалған үш бала көрші бөлмеде теледидар қарап отырыпты. Абырой болғанда оларды қожайынның ағайыны қызыл жалыннан аман алып қалған.

Мұрат пен Айнұр алты баласымен туыстарының үйіне түнеп шыққан. Өрттен ортасына түскен баспанасына қарап екеуі қосыла егіліп жүр. Былтыр жазда ғана жаңалап, жөндеп алған екен. Ең бастысы бала-шағасының аман қалғанына шүкір дейді ерлі-зайыптылар.

«Баратын жеріміз жоқ . Біреудің үйінде қашанғы тұрамыз? Апасының үйіне қондық кеше. 1-2 күн тұрармыз, балалардың сабағы қалды жайына. Бұлардың кітабы да, киімі де жоқ. Үстеріндегі киімді сұрап-сұрап әзер дегенде киіндіріп әкелдім», – көпбалалы ана.

Өрт тұтанғанда үйде ересектерден ешкім болмаған. Айнұр 11 жастағы қызы мен 3 айлық сәбиін дәрігерге көрсетуге емханаға кеткен. Ал отағасы жұмыста болыпты. Көзді ашып-жұмғанша суық хабар жеткен. Үйде қалған қызы мен екі ұлды қайнысы құтқарған. Ал бір баласы сабақта болыпты. Үйдің тұңғышы күлге айналған бөлмесін көріп, әлі өз-өзіне келе алар емес.

«Кітаптарымның бәрі өртеніп кеткен, киетін киімдерім де жоқ енді. Осы кітап, киімдерді алуға көмектессе деп сұраймын. Үйімді ремонттап берсе, осындай детский бөлмемді ремонттап берсе екен…», – дейді Әсемай Болат.

Әкімдіктегілер көпбалалы отбасының жағдайынан хабардар. Үйдің қожайыны өрт қауіпсіздігін сақтамаған деп отыр. Мұндай жағдайларда жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмағанын түсіндірді. Дегенмен, далада қалдырмай, көмек көрсетеміз деді. Әрі бір реттік көмек беріледі екен.

«Қолданыстағы заңдарға сәйкес бюджет тарапынан көмек бұған өтеп беру немесе үй салып беру ондай қарастьрылмаған. Қазір енді ол адамдарды далаға тастамаудың амалы, мүмкіндігінше қыс кезінде ең бастысы пәтер, уақытша пәтермен көмектесу мәселесін қарастырып жатырмыз», – деді қалалық азаматтық қорғаныс және төтенше жайғдарлайр бөлім басшысы Бекболат Нұрашев.

Байтөбетовтердің балалары оқитын мектептің басшылығы да отбасына қол ұшын созуға дайын. Оқу құралдарын беріп, киім-кешектерін бүтіндейміз деп отыр. Ал көпбалалы отбасының бүлінген үйімізді жөндеуге көмек болса екен деген тілектері бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр