Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үстін күлдіреуік басқан азамат балаларды қорқытып алмау үшін далаға шықпай жүр (фото)

Денесін күлдіреуік басқан 47 жастағы әке үйден шықпай, қоғамнан алыста өмір сүріп жатыр. Одан тіпті өзінің туған балалары қорқады екен. Бангладеш дәрігерлері Шэдот Хоссаинге нейрофиброматоз диагнозын қойған. Күлдіреуіктердің салдарынан ол үстіне киім де кие алмай қиналып жүр.

3D48875A00000578-4230248-image-a-4_1487237439592

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Шэдот Хоссаин есімді азаматқа дәрігерлер нейрофиброматоз диагнозын қойған. Ота жасаған жағдайда ол жанарынан айырылуы мүмкін екен. Сол себепті Шэдоттың өзі де, дәрігерлер де тәуекелге бармаған. Ісік салдарынан ол бүгінде үстіне киім киіп, өздігінен тамақ іше алмайды. Одан 12 жастағы туған ұлы Абдулланың өзі де қорқады екен.

“Дәл мұндай аурумен өмір сүру қиын. Бүкіл тәнім мен мойын тұсым қатты қышиды. Барлық жерім ауырады. Ал адамдар мені айналып өтуге тырысады. Балаларым айқайлаған күйі менен қашады. Қазір тіпті көшеге де шығып жүрген жоқпын. Аулада ойнап жүрген бүлдіршіндер мені “құбыжық” деп атайды. Бұрын тәнім тап-таза болатын. Жас кезімде өте көрікті болдым. Ұлым Абдулла менімен сөйлеспейді. Оның не себепті бұлай жасайтынын жақсы түсінемін. Балаларым үшін де, отбасым үшін де ешнәрсе жасай алмаймын. Түні бойы көз ілмей шығамын. Қатты қорқамын”, – дейді Шэдот мырза.

3D488A0D00000578-0-image-a-3_1487237285885

Ер азамат бұрын қара жұмыста істеген. Артынша денсаулығы сыр беріп, жұмыстан шығуға мәжбүр болған. Бүгінде оның денесін басқан ісікті емдеуге ақшасы жоқ. Ал 39 жастағы әйелі Тэджмохель Хэтун ақшасыз отбасының қиналып кеткенін айтып жатыр.

“Ол қазір өздігінен ешнәрсе жасай алмайды. Біз оған киімін кигізіп, дәретханаға отыруға көмектесеміз. Менің тапқан табысым ешнәрсеге жетпейтіндіктен, ауыл тұрғындары бізге ескі киімдерін әкеліп береді. Күйеуім айықпас дертке шалдықты. Осы фактіні қабылдауым керек. Екі қызымды тұрмысқа шығардым. Алайда тұрмыстық жағдайымыздың төмендігінен ұлымды мектепте оқыта алмай отырмын. Өзім тұрмысқа шығатын кезде Шэдоттың осы ауруға шалдыққанын білетінмін. Ол уақытта оның тәні таза болды. Ешбір күлдіреуік болмады”, – дейді Тэджмохель Хэтун.

3D488A7500000578-4230248-image-a-19_1487237710049

Ең бірінші күлдіреуік Шэдоттың маңдайына 13 жасында шыққан. Алайда тек соңғы 5 жыл ішінде оның жағдайы қиындай бастаған. Дәрігерлер жуырда оның көзінің көрмей қалуы мүмкін екенін айтып жатыр. “Бұрын-соңды мұндай жағдаймен кездескен емеспін. Шэдоттың жағдайы өте қиын. Ол жуырда жанарынан айырылуы мүмкін”, – дейді дәрігер.

3D488AD300000578-4230248-image-a-20_1487237783073

Жергілікті жұмысшылардың бірі Шэдоттың атынан жұрттан ақша жинаған екен. Ол жиналған ақшаны азаматтың еміне жұмсамақ. “Мен мемлекет басшыларының Шэдотқа тегін ота жасалуына көмектескенін қалаймын. Ол жазылса, жұмыс істеп, баласын мектепте оқытар еді”, – досы дейді Мұхаммед Мэмун Бисвас.

3D4888ED00000578-4230248-image-a-21_1487237806374

Мұхаммедтың арқасында Шэдот алдағы уақытта “Neuro-Sciences & Hospital” Ұлттық институтына барады. “Мен Жаратқаннан күйеуімнің жазылып кетуін тілеп жүрмін. Өмірімнің соңына дейін жесір болып қалғым келмейді. Әрбір атқан таңымыз тозақпен тең болып жатыр”, – дейді Тэджмохал ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Азиялық актриса инфекция салдарынан мұрын мен ауызсыз қалды (фото)

Жігіт небәрі 17 айдың ішінде қызға айналды (фото)

Әйелі күйеуінің опасыздық жасап жүргенін iPhone бағдарламасы арқылы біліп қойған

Орыс қызы төбе құйқаңды шымырлатар фотосессия жасап шошытты (фото)

Талқылау