Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекованың тойы дүркіреп өтті (фото)

Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықты. Бұл жолы бәрі басқаша. Тіпті той уақыты да ерте басталды. Күндізгі 15:00-ден қонақтар жиылып, Рауан мен Ақботаның некесі қиылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

bandicam-2017-08-27-19-07-13-744

Той ақ және, сары түспен безендірілген, келген қонақтар да соған сәйкесінше киінген.

bandicam-2017-08-27-19-06-52-472

“Арнайы дайындалдық. Негізі сары көйлек табу оңай емес қой. Оған аксессуарлар іздеп біраз әлек болдық. Десе де сондай әдемі бір тамаша той боп жатыр. Бүгінгі тойдың ерекшелігі қыздар сары киіммен, жігіттер ақ киіммен келді”, – дейді жұлдызды жұп Әділ мен Дана.

bandicam-2017-08-27-19-09-09-656

Ақботаны бірі өнердегі әпкем деп, бірі сіңілім деп жұлдызды қонақтар бірінен соң бірі тілек білдірді.

bandicam-2017-08-27-19-48-51-814-(1)

“Әр түрлі тағдыр бар. Бір адамның тағдырын бір адам қайталай алмайды. Сондықтан Алла кімге қандай тағдыр жазған сол бойынша жүріп өтеді ғой. Ақбота апайымыз әлі 18-дегі қыз сияқты. Алла бағын ашсын. Бақытты болсын деп тілек айтамыз”, – дейді әнші Ердос Қанаев.

bandicam-2017-08-27-19-10-41-967

Отау құрған жұпқа Шаһизада да ақ тілегін ақтарды.

bandicam-2017-08-27-19-07-41-220

“Ақбота, айналайын менің сіңілім ғой енді, балапаным деп айтам. Жаңадан отау құрып жатыр. Өзі айтпақшы, қанша отау құрса да, қанша тұрмысқа шықса да мынау осы құрып жатқан отауы бір жаңадан күйеуге шығып жатқандай сондай бір сезіммен боп жатқан шығар деп ойлаймын. Солай да болсын. Өйткені өмір жалғасып жатыр. Сондықтан бағы ашылсын”, – деді әнші.

bandicam-2017-08-27-19-05-53-178

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Оқи отырыңыз:

Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен екінші рет бал айына аттанды (фото)

Ернар Айдар шаңырақ көтерді

Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан күндері туралы айтты

Бір топ павлодарлық бүлдіршіндер Ерке Есмаханмен бірге ән салды (видео)

Талқылау