Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жасар бала жаңа жылдық отшашу көру үшін балконға шығып, оққа ұшып қайтыс болды

Дербенттің ауруханасында жаңа жылдық кеште оққа ұшыраған бала қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

1 қаңтарға қараған түні бала жаңа жылдық отшашуды көру үшін қылтимаға шыққан. Белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Оқ баланың басына тиген.

3 жасар бала Дербент ауруханасында орналасқан Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тым ауыр болған соң, оны басқа медициналық мекемеге ауыстыру мүмкін емес болды. Әйтсе де, балаға көмектесу үшін қалалық ауруханаға Склифосовский атындағы мәскеулік мекеменің жетекші реаниматологы келген еді.

Бала 5 қаңтар күні күндізгі сағат 11:00-дің щамасында қайтыс болды. Оның туысқандары баланың есін жимай дүниеден озғанын айтты. Оқты шығару үшін ота жасалған жоқ.

“Оқ мидың ең маңызды құрылымдарына зақым келтірді. Алынған жарақатпен аман қалу мүмкін емес еді”, — деді Дағыстанның денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жексенбі, 06 Қаңтар, 2019 09:49
Талқылау