Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда әйелді өліге санап Ганг өзеніне ағызып жіберген, бірақ оны балықшылар құтқарып қалған

Үндістер үшін Ганг өзені киелі саналады. Үндістер бұл өзенде түрлі фестивальдер мен жерлеу рәсімдерін өткізген.

_93118350_gettyimages-180299789

Үндістік әйел Виласа Девиді ел 1976 жылдан бері өліге санаған. Араға 40 жыл салып әйел өзінің балаларын көру үшін қайта оралып отыр, деп жазды BBC.

Туыстары, Девиді жылан шағып өлтірді, ал ескі ғұрып бойынша оның денесі Ганг өзеніне ағызылды деп есептеген.

Девидің сөзіне қарағанда, өзен ағысының жүздеген шақырымынан кейін оны балықшылар құтқарып қалған. Ал сол жерді мекендеген отбасылардың бірі әйелді өз үйлерінде паналатқан.

Әйел өткен өмірін түгелдей ұмытып қалған. Тіпті екі рет күйеуде болғанын білмеген. Сол себепті жаңа мекенде ол тағы бір рет отбасын құрыпты.

Жуырда әйел өзінің бұрынғы жерлесін кездестіріп қалып, аяқ астынан өткен өмірін еске түсірді.

Содан кейін өзінің туған ауылына оралып, ересек ұлдары мен қызын шошытып алған. Ал 80 жастағы Девидің үш күйеуі де әлдеқашан бақилыққа аттанған.

Оқи отырыңыз:

Етеккірі келгендіктен туыстары сарайға қуып жіберген қыз көз жұмды

Австралияда 11 жастағы бала 6 жасар туған інісін зорлап тастаған

Бойжеткен iPhone алып бермейтінін білген соң жігітті өзін зорлады деп айыптады

 

Талқылау