Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр (фото, видео)
Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай ретінде көріп, оған табынып жүр. Тұрғындардың пікірінше, Праншудың тәніне үндістердің бір Құдайының жаны қонған болуы мүмкін. Себебі оның сырт келбеті Ганеш Құдайына қатты ұқсайды.
Праншу Пенджабтағы Джаланхар (Jalandhar) елді-мекенінде тұрады. Дүниеге келген кезінде-ақ оның көздері қысыңқы әрі маңдайы ісіңкі болған. Дәрігерлер оның денсаулығына қатысты нақты байламға келе алмаған-ды, деп жазды Metro.
Оның ерекше бет-әлпетіне зер салған ауыл тұрғындары жас баланы Құдайға теңеп, оған «Лорд Ганеш» (авт. Ганеш – үндістер табынатын Құдайлардың бірі) деп ат берген.
Баланың әкесі Камлеш те тұрғындардың көзқарасына түсіністікпен қарайды. Осы орайда ол әр бейсенбі сайын ұлын ғибадатханаға алып барып, халықпен кездесуіне мүмкіндік туғызады.
Суретте: Праншу отбасымен бірге
«Ол – Құдай. Басқа адамдар сияқты мен де оған табынамын. Себебі оның денесі Ганеш Құдайының мүсінінен аумайды», – деп атап өтті жігіттің әкесі.
Праншу әкесімен бірге велосипедпен ғибадатханаға жол тартты
«Ол әрбір адамға өз батасын береді. Онымен жүздескен әрбір ауыл тұрғыны қалаған арманына қол жеткізеді. Одан бөлек, ұлым күн сайын мектепке барады. Көрген адамдар оған үнемі гүл сыйлайды», – деп атап өтті әкесі.
«Менің түр-әлпетім Ганешке ұқсайды, адамдар менің шынайы есімімді де білмейді. Мектептегі ұстаздарым да маған құлшылық жасайды. Ал достарым мені Құдай санағандықтан, менімен ойнап немесе қорқытпайды. Адамдар мені Ганеш Джи деп атаған кезде өзімді бақытты сезінемін. Мен тек соған ұқсағым келеді. Үлкен басыма да, бет-әлпетіме де дән ризамын», – деп атап өтті кішкентай Праншу.
Адамдар батасын алу үшін Праншудың айналасына жиналып алды
Праншу «Лорд Ганеш» атағына ие болды
Әйел Праншудың батасын алу мақсатында кішкентай қызын оған табынуды үйретті
Бойжеткен Праншудың аяғын ұстап, сүйіп жатыр
Жіберіп алмаңыз:
Хиджаб киетін қыздар үшін арнайы шампунь шығарылды
Нобель сыйлығының иегері 1 миллион долларды қайырымдылыққа жұмсап жіберді
Америкалық әйел бір уақытта 17 ұл бала босанды (фото)
Жеміс-жидек диетасын ұстанған 46 жастағы әйелдің сырт келбеті екі есе жас көрінеді