Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда 6 адам жабылып зорлаған 11 жасар қыздың сәбиі ауру болып туылды

Үндістанның Раджкота қаласында 11 жасар қызды жергілікті 6 жұмысшы жабылып зорлаған. Жүкті болып қалған қыз ауыр дертпен ауыратын баланы дүниеге алып келді. Анасы қызының жүктілігіне 8 ай болғанда ғана полицияға шағымданыпты.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 17-60 жас аралығындағы 5 ер адам оқушы қызға жұмыс береміз деп алдап, үйлеріне кіргізген. Қазіргі уақытта жұмысшылар тұтқындалды. Ал жүкті болып қалған қыз сәбиін дүниеге алып келді. Алайда 6 адам жабылып зорлаған қыздың сәбиі ауыр дертпен туылды.

17 наурызда Радкотта ауруханасында дүниеге келген қыздың дамуында ақау бар. Сонымен қатар омыртқасындағы қиындықтар салдарынан жұлыны зақымдалған.

Үндістандық дәрігерлер сәбидің жағдайын өте ауыр деп отыр. Сонымен қатар оның ұзақ өмір сүрмейтінін, түрлі инфекция мен сал ауруынан зардап шегетіні жайлы болжамдарын айтты.

Ал 11 жасар жас ананың ахуалының өзі мәз емес: әкесі қайтыс болса, анасы қызметші болып жұмыс істейді екен. Олардың сәбиге қамқор бола алатыны белгісіз.

Қазіргі уақытта полиция аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіп жатыр. Айыпталушыларға қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан елшісі Өзбекстаннан Қазақстанға велосипедпен жетті (фото)

Аустралияда жаппай жағаға шығып қалған дельфиндер жұртты шошытты (фото)

Еңбекқор жұмысшылардың жағдайына алаңдаған Сеул билігі жұма күндері қызметкерлерді кеңседен “қуып шықпақ”

Өзін шешіндіріп тексерді деп шағымданған мұсылман әйел 27 млн теңге өтемақы алды

Талқылау