Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда 15 жастағы бозбала ағасының 25 жастағы жесіріне үйленуге мәжбүр болды

Үндістанда 15 жастағы бозбаланы ағасының жесіріне үйленуге мәжбүрлеген. Жас жігіт туыстарының айтқанын орындаған соң, бірнеше сағаттан соң өзіне қол салған.

Бұл туралы ағылшын басылымы The Daily Mail-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Махадев Дас орта мектептің білімгері, жасы небәрі 15-те. Ал оның жары, яғни ағасының жесірі Руби Деви 25 жаста. Екі жастың үйлену тойы Үндістанның Бихар штатында болған.

2013 жылы ағасы қайтыс болған соң, жақындары Махадевті өз жеңгесіне үйленуге итермелеген.

Бозбаланың әкесі, 80 жастағы Чандрешвар Дастың айтуынша, бозбала өзіне ұлындай қараған жеңгесіне үйленгісі келмепті.

Қарияның айтуынша, ұлы қайтыс болған соң жесір қалған Девидің отбасы жасау ақшасын қайтарып беруді талап еткен. Тіпті, болмаған жағдайда Девиді екінші ұлдарына тұрмысқа беруді сұраған.

“Олар маған қысым көрсетті. Не ақшаны қайтар, не қызымыз екінші ұлыңа тұрмысқа шықсын деді”, – деп түсіндірді Дас.

Жергілікті полиция бұл істі тергеуге алған. Кәмілеттік жасқа толмаған баланы үйлендірген отбасы жауапқа тартылуы мүмкін.

Үндістанда балаларды үйлендіруге қатаң түрде тыйым салынса да, жергілікті халық ертеден келе жатқан бұл үрдісті әлі күнге дейін ұстанады. Алайда көп жағдайда үндістер қыздарды ерте бастан тұрмысқа береді. Бұл елдің заңына сәйкес, некеге тұру үшін ердің жасы 21-ден, ал қыздың жасы 18-ден асқан болуы керек.

Жіберіп алмаңыз:

Перуде ондаған қыз ағашпен некелестіп, той өткізді (фото)

Сабырсыз келіншекке ашуланған мейрамхана қызметкері чекке оны қалай мазақ еткендерін жазып берген (фото)

Бойжеткен сүйіктісін суицидтен құтқарамын деп өзі ажал құшты

Қызғаншақ жігіт өзге еркектермен сөйлескені үшін сүйіктісін көшеде тыржалаңаш жүргізіп қойды

Талқылау